«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШТЫҚТАР СЕНБІЛІКТІ БАСТАП КЕТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ. СЕНБІЛІКТІҢ МАҚСАТЫ – ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНІҢ, КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ АУЛАЛАРЫНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАУҒА ҚОҒАМ НАЗАРЫН АУДАРУ, ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ.
Сенбілік жұмыстарына қала аумағындағы мемлекеттік және өндірістік мекемелердің қызметкерлері белсенді қатысты. Қала әкімі Қазбек Аққайырдың айтуынша, сенбілік жұмыстарына 127 адам жұмылдырылып, 11 тонна қоқыс шығарылған. Сонымен бірге жаяу жүргіншілер жолдары жуылып, саябақтардағы орындықтар сырланып, мәрмәр тастан жасалған қоқыс жәшіктері қойылуда.
— Биыл көктем жылдағыдан ерте шықты. Енді қоқыс мәселесі де күн тәртібіне шығады. Оның бір себебі — жаз маусымында тұрғындардың басымы үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Есік, терезе, жиһаздармен үлкен көлемдегі тұрмыстық техникаларды қоқыс контейнерлеріне әкеліп тастап кетеді. Осы орайда айтарым, осындай қоқыстарды әр адам өз күшімен полигонға апарып тастауы керек. Сенбілікжұмыстары алдағы уақытта жалғасатын болады. Тазалық жұмыстарын жүргізу барысында аула іштері абаттандырылып, бейберекет тасталған қоқыстар сыртқа шығарылады. Сонымен бірге алдағы уақытта көше бойындағы ағаш діңгектері ақталып, өзге де қажетті жұмыстар атқарылады, — деді Қазбек Аққайыр.
Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

ӨРКЕНИЕТТІҢ БАСТАУЫ – МӘДЕНИЕТ

admin_mugalzhar

1881 отбасы біржолғы әлеуметтік төлем алды

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар атом энергетикасы мен АЭС құрылысы туралы толық ақпаратқа қол жеткізе алады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.