«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Олимпиада алауы қандай болады

14 сәуірде Халықаралық Олимпиада комитеті Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін 2026 жылғы Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының алауларын таныстырды, — деп хабарлайды BAQ.KZ сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Олимпиада атрибуттары маңызды деген мағынаны білдіретін Essential деп аталды. Оларды итальялық сәулет бюросы Studio Carlo Ratti Associati Cavagna Group компаниясымен бірге әзірледі.

Шамдар қайта өңделген материалдардан жасалған және оларды 10 рет толтыруға болады. Олар пайдаланатын отын сұйытылған газ, сонымен қатар қайта өңделген қалдықтардан өндіріледі. Олимпиада алауы көк-жасыл реңкте, паралимпиада алауы қола түстес жасалған.

2026 жылғы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. 2026 жылғы Паралимпиада 6-15 наурыз аралығында өтеді.

Ұқсас ақпараттар

+46 градус: Қазақстанда алдағы күндері аптап ыстық болады

admin_mugalzhar

Тоқаев Жаңа Қазақстанның мағынасын айтты

admin_mugalzhar

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫ: АУДАН КӨРКЕМӨНЕРПАЗДАРЫ СЫНҒА ТҮСУДЕ

admin_mugalzhar