«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Мұғалжар ауданында жұмыс іздеуші тұрғындарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараны аудандық әкімдік, мансап орталығы және Жастар ресурстық орталығы бірлесіп өткізді.

Жәрмеңкеге аудан аумағындағы 12 мекеме шақырылып, 80-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды. Атап айтқанда, аудандық аурухана, “Кентавр”, “Неохим”, “Казгеоруд” ЖШС-і сынды ірі кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері қатысып, жұмыс іздеушілермен жұмыс жөнінде әңгімелесті.
Жәрмеңкеге қатысушыларға мансап орталығының мамандары кеңестерін беріп, жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында сұхбаттасу мүмкіндігін ұсынды. Ұсынылған бос жұмыс орындардың қатарында көз дәрігері, невролог, педиатр, сурдолог, балалар психологы, электрик, кассир, сауда орындарының қызметкерлері сынды түрлі мамандық иелері болды.
Ұйымдастырушылар аталған шараның басты мақсаты – аудан тұрғындары мен жастарды тұрақты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету екенін айтты.

Ұқсас ақпараттар

Қандыағаштық 55 отбасы баспаналы болды

admin_mugalzhar

Дәулет Тұрлыханов UWW Asia президенті болып қайта сайланды

admin_mugalzhar

Қазақстанда 80 су құбыры жаңартылып, су үнемдеу технологияларын пайдалану артты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.