«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН БІРІНШІЛІК ӨТТІ

Мұғалжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мен Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына орай және «Ұлы Жеңіс ұмытылмайды» акциясы аясында еркін күрестен аудан біріншілігі өтті.
Аталған шараға аудан бойынша жалпы саны 80-ге жуық 2013-2015 жылы туған жасөспірімдер қатысып, өз мықтылықтарын көрсетіп, боз кілемде белдесті.
Тартысты өткен жарыстың нәтижесі бойынша жүлделі орын алған палуандарға медаль мен Алғыс хаттар табысталды.

Ұқсас ақпараттар

ӨНЕРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР ЖАРАДЫ

admin_mugalzhar

БАРЛЫҒЫ БАЛА ҮШІН

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Судья және сот қызметкері күнімен құттықтауы

admin_mugalzhar