«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА КІТАПХАНА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай Жұрын ауылдық модельді кітапханасында “Кітап – Тарих. Шежіре” атты ашық аспан астындағы кітапхана іс-шарасы өткізілді.
Кітаптың адамзат өркениетіндегі маңызын насихаттап, оқырман қауымды рухани құндылықтарға баулу, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған бастама оқырман мен кітап арасындағы байланысты нығайтып, рухани жаңғыруға жол ашатын игі қадамдардың бірі.
Іс-шара барысында келушілерге тарихи және көркем әдебиеттер таныстырылып, түрлі жанрдағы кітаптар қойылған көрмелер мен танымдық бұрыштар ұйымдастырылды.

Ұқсас ақпараттар

KGIR 2022: Ералы Тоғжанов 735 миллион долларлық келісімдерге қол қойды

admin_mugalzhar

САУДАНЫ КӘСІП ЕТКЕН – ГҮЛШАТ

admin_mugalzhar

ҚЫШ-ҚҰМЫРА ӨНЕРІ – БАБА МҰРАСЫ

admin_mugalzhar