«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ДЕПУТАТТАР ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Іссапар барысында «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Ербол Данағұлов қала аумағындағы жаңадан бой көтеріп жатқан «Самал» мөлтек ауданындағы және «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 600 орындық мектептердің құрылыс жұмыстарымен танысты.


Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов «Самал» мөлтек ауданындағы мектеп құрылысында орын алған олқылықтар түзетіліп, жұмыстың жүйелі жүргізіліп жатқанын жеткізді. Ал мердігерлер болса құрылыста жұмыс күшін арттыру, нысандарды жоспарланған уақытта халық игіліне беру үшін жұмыстанатынын айтты.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандағы президент сайлауын бақылауға 76 шетелдік байқаушы тіркелді

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТА ҚҰЛПЫНАЙ ӨСІРІЛУДЕ

admin_mugalzhar

Құдайберген Жұбанов ХАКІМ АБАЙ ЖАЙЫНДА

admin_mugalzhar