«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДЫҚ КӨШБАСШЫЛАР СПАРТИКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

Мұғалжар аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық көшбасшылар спартакиадасы өтуде. Спартакиада ойындарына білім беру мекемелерінің және білім бөлімінің қызметкерлерінен жасақталған 4 команда қатысуда.

Спартакиаданың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенаманов қатысып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Қатысушы командалар спорттың шағын футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, бес асық, арқан тартыс түрлерінен сынға түседі.

Екі күнге созылатын спартакиада ойындарының қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегер атанған командалар Дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Ұқсас ақпараттар

АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

Елжан Біртанов ел азаматтарына Оңтүстік Кореяға бармауға кеңес берді

admin_mugalzhar

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar