«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ПАТРИОТТЫҚ САҒАТ ӨТТІ

Құмсай ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Құмсай ЖББОМ-нің 6-сынып оқушыларының қатысуымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай «Батыр қыздың балғын шағы» атты патриоттық сағат өткізілді.
Шараның мақсаты – батыр қызымыздың ерлігі жайлы баяндау, оқушылардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру болды. Кітапханашы оқушыларға Әлия Молдағұлованың ерлікке толы өмір жолы мен майдандағы қаһармандық істері туралы мазмұнды ақпараттар ұсынды. Сонымен қатар батыр қыздың суреттері көрсетіліп, елімізде оның есімімен аталған көшелер мен орнатылған ескерткіштер таныстырылды.
Іс-шара барысында оқушылар А.Құдайбергеннің «Батыр қыз Әлия» және И.Серікбайдың «Біздің дәуірдің батырлары» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Әлия» әні тыңдалып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Шара соңында оқушылар «Мерген Әлия» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттермен танысып, батыр қыз туралы білімдерін толықтырды.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан 34 шетелдік жоғары оқу орнымен серіктестік келісім жасасты

admin_mugalzhar

Қазақстандықтардың қай елдерге бара алатыны белгілі болды

admin_mugalzhar

ҮМІТКЕРЛЕР ПІКІРСАЙЫСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.