«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕҢБЕК АУЫЛЫНДАҒЫ ДҮБІРЛІ ТОЙ

Талдысай ауылдық округіне қарасты Еңбек ауылы тұрғындарының ұйымдастыруымен 7 мамыр — Отар корғаушы күні мен 9 мамыр — Жеңістің 80 жылдығына орай “Ерлікке тағзым” атты мерекелік шара өтті.
Аталған шарада киіз үй тігіліп, ас берілді. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлерінен тұрғындар арасында жарыстар ұйымдастырылды.

Еңбектіктердің бірі қол күрестірсе, екіншілері арқан тартып, енді бірі құм толтырылған қаптарды алысқа лақтыру бойынша күш сынасты. Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, сый-сияпат көрсетілді.
Мерекенің көрігін 24 шақырымдық ат жарысы мен 5 шақырымдық тай жарысы кіргізді. Жүйріктердің тұяғы дүбірлеген ат жарысында нәтижелі өнер көрсеткендерге арнайы және қаржылай сыйлықтар табысталды.

Ұқсас ақпараттар

Бас муфти: «Мақсатымыз – елдігімізді сақтап, дұғагөй, иманды орта қалыптастыру»

admin_mugalzhar

Конституция күні Қазақстанда ауа райы қандай болады?

admin_mugalzhar

Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жарыққа шықты

admin_mugalzhar