«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕУРОПАЛЫҚ  ИММУНДАУ – ІНДЕТКЕ ЖОЛ БЕРМЕУ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен өтетін дәстүрлі еуропалық иммундау апталығы Мұғалжар ауданында да өткізілді. Мұғалжар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Мұратов бұл апталықтық мақсаты — аурудың алдын алу және өмірді қорғау үшін иммундау маңыздылығын насихаттау екенін айтады.  
Биыл елімізде еуропалық иммундау апталығының ұраны — «Барлығын иммундауға қол жеткізу – біздің қолымызда» деп аталады. Дүниежүзілік иммундау апталығында сала мамандары екпемен қамтуда ұжымдық әрекет ету қажеттілігіне назар аударып, барлық жастағы адамдарды әртүрлі аурулардан қорғау үшін вакциналарды қолдануды насихаттады.
Иммундау апталығында вакцинация арқылы өмірді ұзартып, аурудың таралуын азайта алатынымызды халыққа түсіндіріп жеткізу, бірақ ол үшін біз адамдарды, олардың жақындарын және олардың әлеуметтік ортасын иммундау арқылы вакцинамен басқарылатын аурулардан қорғауымыз қажеттігін түсіндіруіміз керек. Қазіргі уақытта жұқпалы аурулардың таралуымен күресетін ең тиімді әдісі – вакцинация. Жоспарлы иммунизация — денсаулық сақтау қызметкерлерімен өмірдің ең алғашқы кезеңдерінен қарым-қатынас жасау үшін мүмкіндік, — деді басқарма басшысы.
Ол иммундау сондай-ақ вирустық гепатитпен күресуден бастап және микробқа қарсы препараттарға төзімділіктің төмендеуімен аяқталатын денсаулық сақтау саласындағы басқа да басым міндеттерді орындаудың негізгі құралы екенін айтып, аудан  тұрғындарын профилактикалық егулер алу арқылы қоғамның инфекциялық аурулармен күресуге шақырды.

Ұқсас ақпараттар

АУДАНДЫҚ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ

admin_mugalzhar

4 қарашадан бастап сайлаушылар өзі туралы деректерді тексере алады – ОСК

admin_mugalzhar

Қазақстанда ет өндірісі артып келеді: саладағы соңғы көрсеткіштер

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.