«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУРУХАНА АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

Аудан орталығында орналасқан Мұғалжар аудандық ауруханасының ауласы абаттандырылып, кіреберіс жолдары жөнделуде. Аталған аумақты жөндеуге жергілікті бюджеттен 127 млн теңге бөлінген.

Бұған дейін аталған аурухананың емханасы күрделі жөндеуден өткен болатын. Оған бюджеттен 123 млн теңге бөлініп, қасбеті жаңартылып, ғимараттың сырты арнайы жабындылармен қапталған еді. Емхана іші де толықтай жөнделіп, жаңа жиһаздармен жабдықталған болатын.

Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайыр аурухана ауласын абаттандыру жұмыстарын «Еркен и К» ЖШС-і жүргізетінін айтты.

Аурухана ауласының жалпы көлемі 4 гектар жерді құрайды. Жаяу жүргіншілер жүретін жолға 1052,0 шаршы метр жерге брусчатка төселеді. Автотұрақ алаңы мен кіреберіс жолдары асфальттанады. Аула ішіне демалатын орындар жасақталып, орындықтар қойылатын болады. Тапсырыс беруші қала әкімдігі болғаннан кейін жұмыс сапасын қатаң бақылайтын боламыз, — деді Қазбек Тілеуханұлы .

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

ӨТКЕН КҮНДЕР ЕСТЕЛІГІ

admin_mugalzhar

Ақтөбеде қалдықтарды газ, электр энергиясы мен тыңайтқыш өндіретін шикізат ретінде пайдалану жоспарланып отыр

admin_mugalzhar

Қазақстан мұнай өндірісін тәулігіне 390 мың баррельге дейін қысқартады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.