«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖЕМДЕ САЙЛАУ ҚАРҚЫНДЫ ӨТУДЕ

Бүгін таңғы сағат 7-де Жем қаласындағы №321 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Ерболат Құдайбергеновтің айтуынша, дауыс беру процесі қалыпты өтіп жатыр.
Аталған учаскеде 569 сайлаушы тіркелген. Жем қаласының тұрғыны Жұпар Босназарова алғашқы болып дауыс берген. Қазіргі уақытқа дейін 149 адам өз таңдауын жасап үлгерді.
Бұл учаскеде төрт үміткер сайлауға түсіп жатыр. Олар — Гүлзада Жұмабаева, Нұрболат Жалғас, Венера Төлегенова және Нұсұлтан Тайтаков.

Ұқсас ақпараттар

Жаздың алғашқы айында Қазақстанның үш облысында құрғақшылық болады деп болжануда

admin_mugalzhar

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ

admin_mugalzhar

Қырғызстан парламентінде қайта сайлау қашан өтетіні айтылды

admin_mugalzhar