Астана күніне байланысты қазақстандықтар шілдеде қосымша демалады.
Егер аптасына 5 күн жұмыс істесеңіз:
🔹 5 шілде (сенбі) — әдеттегі демалыс;
🔹 6 шілде (жексенбі) — Астана күні, ресми мереке;
🔹 7 шілде (дүйсенбі) — демалыс күні ретінде ауыстырылды.
✅Демалыс: 3 күн қатарынан — 5, 6, 7 шілде.
Егер аптасына 6 күн жұмыс істесеңіз:
🔸 5 шілде (сенбі) — жұмыс күні;
🔸 6 шілде (жексенбі) — мерекелік демалыс;
🔸 7 шілде (дүйсенбі) — қосымша демалыс күні.
🟢Яғни, барша қазақстандықтар үшін 7 шілде – ресми демалыс күні болып есептеледі.