«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті

Ақордада дәрігерлермен кездескен Мемлекет басшысы осылай деді.

«Елімізде орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті. Ана мен бала өлімі шамамен 12 пайызға азайды. Бес жылда 800-ге жуық денсаулық сақтау нысаны, яғни, көптеген емхана мен аурухана салынды. Бұл жұмыс тоқтамайды, мемлекет алдағы уақытта да инфрақұрылымды дамыта береді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ауылдық жердегі медицина жүйесін жаңғыртуға арналған ұлттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде 469 ғимарат бой көтерді.

Жыл соңына дейін тағы 186 нысан салынады.

📺@qazaqstantv

Ұқсас ақпараттар

МАМАНДЫҒЫМ — МАҚТАНЫШЫМ, МӘРТЕБЕМ

admin_mugalzhar

ОҚУШЫЛАР ЖАРЫСТАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстан шаруаларды 2030 жылға қарай отандық тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етеді

admin_mugalzhar