«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАМЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Аудан аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға тұрақтылығын қадағалау мақсатында арнайы мониторингтік жұмыстары жүргізілді.

Тексеру жұмыстарына «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Мұғалжар аудандық филиалының директоры Көмекбай Бектұрғанов, кәсіпкерлік секторының меңгерушісі Нұрлыбек Тайтақов және мониторингтік топ мүшелері қатысты.

Олар бірқатар сауда нүктелері мен дүкендерді аралап, бірінші кезекте тұтынылатын азық-түлік өнімдерінің — ұн, нан, қант, май, сүт, көкөніс және басқа да тауарлардың бағасына талдау жасады. Мониторинг барысында кәсіп иелерімен тілдесіп, бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар кәсіпкерлерге «Атамекен» палатасының бағыттары, көрсетілетін қызмет түрлері, құқықтық көмек, мемлекеттік қолдау тетіктері мен бизнесті дамытуға қатысты мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді. Палата өкілдері кәсіпкерлік субъектілерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге, заң бұзушылықтың алдын алуға және өзара ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін тілге тиек етті.

А.МАНАСБАЕВА.

Ұқсас ақпараттар

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 79,4 пайызы еліміз дұрыс бағытта келе жатыр деп есептейді

admin_mugalzhar

Ақтөбеде «Жас кәсіпкер» форумы өтті

admin_mugalzhar

БІЛІМ БӨЛІМІНДЕ ЖАҢА БАСШЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.