«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданына келді.

Жұмыс сапары аясында облыс әкімінің орынбасары Қандыағаш теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Бұл нысан – өңірдегі вокзал шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған ауқымды жобаның басым бағыттарының бірі.


Қазіргі таңда нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқаруында, мердігер ұйым – «Абай&C» ЖШС-і жүргізуде. Қайта жаңғырту 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.


Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасары «Финский» мөлтек ауданында бой көтеріп жатқан 600 орындық жайлы мектептің құрылыс жұмыстарын қарады. Мектептің құрылыс жұмыстары қарқынды. Жыл соңына дейін толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Сонымен қатар «Самал» мөлтек ауданындағы 600 орындық мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін, жұмыстарды мерзімінде аяқтау жөнінде жауапты мердігер компания басшылықтарына нақты тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас ақпараттар

ДЕНІ САУ ҰРПАҚ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

admin_mugalzhar

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қалай қатысуға болады және қандай құжаттар тапсыру қажет?

admin_mugalzhar

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.