«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕРЕКЕ ИЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Қандыағаш қаласындағы аудандық мәдениет үйінде бүгін Теміржолшылар күніне орай ұйымдастырылған “Теміржолшы – тарихи оқиға шежіресі” атты салтанатты шара өтті.
Салтанатты жиынға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов қатысып, сала мамандарын мерекелерімен құттықтады.
Теміржол – тек көлік жүйесі ғана емес, бұл – мыңдаған адамның тағдыры, қажырлы еңбегі, бірнеше ұрпақтың табандылығы. Сіздердің күн-түн демей атқарып жүрген жауапты қызметтеріңіз ауданымыздың ғана емес, тұтас ел экономикасының алға басуына тікелей үлес қосып келеді. Осы салада еңбек етіп жүрген әрбір азаматқа шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді аудан басшысы.


Шара барысында темір жол саласын дамытуға сүбелі үлес қосқан, өз ісіне адал, тәжірибелі қызметкерлерге түрлі марапаттар табыс етіліп, саланың алдыңғы қатарлы мамандары ел алдында лайықты құрметке бөленді.
Салтанатты кештің көркін аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әрлеген концерттік бағдарлама ашты. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған өнер ұжымдары халық әндері мен патриоттық композицияларды орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Ұқсас ақпараттар

ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ — ҰЛТ ТӘРБИЕСІ

admin_mugalzhar

Телеарна мен радиолар жұмысын уақытша тоқтатады

admin_mugalzhar

29 СТУДЕНТТІҢ ОҚУ АҚЫСЫ ТӨЛЕНДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.