«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУРУХАНА АУЛАСЫНА АСФАЛЬТ ЖАБЫНДЫСЫ ТӨСЕЛУДЕ

Көктем айында басталған Мұғалжар аудандық ауруханасының ауласына абаттандыру жұмыстары жақын арада аяқталмақ. Бүгінде тас төсеніш төсеу жұмыстары бітіп, автотұрақ жолдарына асфальт төселуде.
Аталған аумақты жөндеуге жергілікті бюджеттен 127 млн теңге бөлінген. Абаттандыру жұмыстарын «Еркен и К» ЖШС-і жүргізуде. Қала әкімі Қазбек Аққайырдың айтуынша, аурухана ауласының жалпы көлемі 4 гектар жерді құрайды.
Жаяу жүргіншілер жүретін жолға, 1052,0 шаршы метр жерге тас төсеніш төселді. Қазіргі уақытта автотұрақ алаңы мен кіреберіс жолдарға асфальт төселуде. Құрылыс жұмыстарына арнайы техникалар жұмылдырылуда. Аула ішіне демалатын орындар жасақталып, орындықтар қойылады. Бүгінде орындықтар мен қоқыс жәшіктері сатылып алынды. Тапсырыс беруші қала әкімдігі болғаннан кейін жұмыс сапасын қатаң бақылап отырмыз, — деді қала әкімі Қазбек Тілеуханұлы.
Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

«Қазақстанның 100 жаңа есімі»: дауыс беру мерзімі ұзартылды

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫ ҚОЛДАДЫ

admin_mugalzhar

Алдағы үш жылда судан, күннен, желден энергия алатын 59 станса салынады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.