«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШТА ҰСТАЗДАРДЫҢ АУДАНДЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

ӨТКЕН АПТА СОҢЫНДА ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАЛЫҚ №1 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІНДЕ «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» ТАҚЫРЫБЫНДА ҰСТАЗДАРДЫҢ ДӘСТҮРЛІ АУДАНДЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.

Алдымен білім ордасында аудан мектептері ұйымдастырған көрме көпшілік назарына ұсынылды. Онда оқушылардың өз қолдарымен жасаған түрлі туындылары қойылды. Қандыағаш қаласындағы №1 және №3 мектеп оқушылары робот бағдарламасын таныстырса, Ембі қаласындағы №2 мектеп оқушысы асқабақтан жасалған бетпен шаш күтіміне арналған өнімдер мен тағам түрлерін көрсетті. Ақкемерлік оқушылар күн энергиясын тиімді пайдалану жолдарын ұсынған күн панелін, робототехника арқылы жасалған сейф пен қолдан әзірленген сарысуларын таныстырды. Сағашилілік оқушылар ChatGPT көмегімен әдеби кейіпкерлерді бейнелесе, Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназия оқушылары ертегі кейіпкерлерін көрсетті. Жаңажол орта мектебінің оқушылары гипстен жасалған бұйымдар мен қолөнер жұмыстарын ұсынды. Ал Ембі қаласының №3 мектебі асфальт төсенішін ойлап тапқан еңбектерімен ерекшеленді.

Көрмені Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Ақкенже Тындыбаева, Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов, аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенаманов және Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжол аралап, оқушы лар еңбегін жоғары бағалады. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылып, алғашқы сөзді аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Қуанышұлы алып, өткен оқу жылының қорытындысына тоқталды. Ол биылғы жаңа оқу жылындағы өзгерістер мен алда тұрған мақсаттар жайында баяндама жасады.

Одан кейін «Мақсатты даму: идеядан әрекетке дейін» тақырыбында Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының директоры Данагүл Ибрашева баяндама оқып, А.Жұбанов атындағы орта мектебінің жас маманы, биология пәнінің мұғалімі Сәнім Отарова және ардагер ұстаз Нүрия Тәжіғарина сөз сөйлеп, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Тамыз кеңесіне қатысқан аудан әкімі Дархан Ермағанбетов ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Сонымен бірге білім беру саласында қол жеткізілген жетістіктер мен кемшіліктерді атап өтіп, оларды бірлесе еңсеруге шақырды. Әкім сахна төріне шығып, шығармашылық ізденісімен танылған және республика көлемінде жетістікке жеткен ұстаздарды марапаттады.

Атап айтқанда, «Қазақстандық оқу-ағарту және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» атынан «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі Ембі қалалық мектептен тыс №2 Аула клубының директоры Марат Мусин мен «Шапағат» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Жадыра Әлібековаға табысталды.

Сонымен қатар Қазақстандық оқу-ағарту және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы атынан бірқатар ұстаздар «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Олардың қатарында: Мансия Алдабергенова, Саттар Сырымов, Ақтоты Жабаева, Райса Утепбергенова, Аманкүл Арыстанғалиева, Светлана Ихсанова, Тамара Самаева, Венера Неталина, Жанар Жұбанышева, Замзагүл Ахметова, Шатгүл Жулаева, Маржан Жүсіпова, Әлия Сарина, Гүлдана Саттарова, Гүлмира Қаршигина, Алтынай Шойнова, Әсия Рахметова, Жаңылсын Қуанжанова, Күләнда Шаймерденова, Гүлшат Ермағамбетова, Нұрболат Беккарнаев және Жансұлу Казимова бар. Алаудан әкімінің Алғыс хатымен 50 мың теңгелік сертификатына Шынаргүл Тамбаева, Гүлназия Дошниязова, Бану Мукушева, Ақтоты Бисембаева, Айсұлу Жанабаева, Айым Есенгельдинова, Айгүл Кульжанова, Алмагүл Байбулова, Гүлнар Бешбаева және Қуандық Қазбеков ие болды.

Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Ақкенже Тындыбаева да ұстаздарға құрмет көрсетіп, бірқатар педагогтерді облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапаттады. Бұл марапатқа Фарида Жиенбаева, Әсел Ильясова, Асылхан Бөлекбаева және Әсел Әбітова лайық деп танылды. Сонымен бірге бірнеше ұстаз облыстық білім басқармасы басшысының Алғыс хатын иеленді. Білім беру саласын жетілдірудегі көпжылдық еңбегі үшін аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты мен 30 мың теңгелік сертификаты да бірқатар сала қызметкерлеріне табысталды. Шара соңында оқушылар ұстаздарға арнап әсем ән шырқап, гүл шоқтарын тарту етті.

А.ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Когда начнется отопительный сезон в Актюбинской области

admin_mugalzhar

Қазақстан мен Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны жеткізу мәселесін келісті

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫС ТОБЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.