«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АРМАНЫ — ОЛИМПИАДА ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРУ

«ГЕНЕРАЛ БОЛҒЫСЫ КЕЛМЕЙТІН СОЛДАТ ЖОҚ» ДЕМЕКШІ, ОЛИМПИАДА МЕДАЛІН ТАҒУДЫ МАҚСАТ ЕТПЕЙТІН СПОРТШЫ ДА БОЛМАЙДЫ ДЕП САНАЙТЫН ҚАНДЫАҒАШТЫҚ ӘЛИ САНЖАР БҰЛ АРМАНЫНА ЖЕТУ ҮШІН ӘЛІ ТАЛАЙ ТЕР ТӨГІП, ЕҢБЕК ЕТІП, ЖАТТЫҒУ ҚАЖЕТ ЕКЕНІН БІЛЕДІ.

Жиырмаға толуына әлі бір жыл бар Санжар бәрі де алда екеніне сенімді. Тоғыз жасында әкесімен бірге жаттығу залына келген ол спорттың қай түрін таңдайтынын да анық біліпті.

Дзюдо — әкемнің арманы, менің жүрек қалаған спортым. Ең алғаш әкем осы залға кіргізгенде, өзімнің орнымды тапқандай болдым. Жалпы спорт үлкен төзімділік пен қайратты қажет етеді. Маған да бастапқыда оңай болмады. Қазір де оңай демеймін, бірақ төселдім десем де болады. Өйткені көп еңбектеніп жекпе-жектің түрлі әдіс-тәсілдерін меңгердім. Ол кездегі жаттықтырушым Эдуард Саламат ағай еді. Ал қазір жаттықтырушы Нұрсұлтан Иманғазин дзюдоның қыр-сырын үйретуде, — дейді жас дзюдошы.

Ертеңгі күнге сенімі мол жастың бүгінгі бағындырған биігі де аз емес. Қазақстан Республикасының 2 дүркін күміс жүлдегері және 1 қола жүлдегері, Халықаралық жарыстар, Азия кубогі, Еуропа кубогінің жеңімпазы ,  Ливан мемлекетінде өткен Азия Чемпионатының күміс жүлдегері Санжар қазір дзюдодан Қазақстан Республикасының  спорт шебері. Өзінің ғана емес, спорттағы аға-апаларының жеңістеріне де қуана білетін ол солардан үлгі алып, әлемдік додаларда ел намысын қорғап, көк байрағымызды аспандатуды мақсат етеді.

Алдағы жарыстарға дайындық жоғары деңгейде өтуде. Қазіргі таңда ауданымызда спортқа жақсы көңіл бөлінуде. Дзюдодан жоғары жетістіктерге же-тіп жүрген мұғалжарлық спортшылар аз емес. Олар — Әділет Алмат, Жанарыс Рахметқали, Гүлнұр Баханова. Мен де осы аға буын әріптестердей биіктерді бағындыру жолында еңбектеніп келемін. Өзге мемлекетте жеңіс тұғырына шығып, өз еліңнің Әнұранын бірге шырқау – бұл ерекше, баға жетпес сәт. Бұл жеңістің өзіңнің ғана емес, жаттықтырушыңның, саған сенген еліңнің, халықтың жеңісі екенін сол сәтте сезінесің, мақтанасың. Міне, осы сәт үшін де жеңіске ұмтылуға болады, — дейді жас та болса, бұл сезімдерді бастан өткеріп үлгерген спортшы.

Қажымұқандай палуан атану, Жақсылық Үшкемпіровтей жауырыны жерге тимеген қазақ күресінің алыбы болу, Олимпиада шыңын бағындыру — оның алға қойған мақсаты.

Ұқсас ақпараттар

ҚЫС-2024: ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, АУЫЛ?

admin_mugalzhar

«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Заңына сәйкес Кандыағаш қаласының әкімі лауазымына кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін газет бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы

admin_mugalzhar

Абайтанудағы Жұбановтар еңбектерінің ерекшелігі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.