«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мұғалжарда жеке тұрғын үй жайларында өрт оқиғасы өршіп тұр

Мұғалжар ауданындағы жеке тұрғын үй  секторларында өрт оқиғаларының орын алуы көбейіп кетті. Бұл туралы ауданның төтенше жағдайлар бөлімі хабарлайды.

Өткен жылы аудан бойынша жеке тұрғын үй жайларында 43 төтенше жағдай орын алған. Ал биылғы жылдың басынан осы күнге дейін 18 өрт оқиғасы тіркелген. Дені Ембі қаласында орын алып отыр. Төтенше жағдай кезінде тек бір адам ғана зардап шеккен. Өрт кезінде үйдегі балаларын құтқармақ болып түтінге уланып қалған ол дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, тұрғын үй секторларында тілсіз жаудың көбеюіне жергілікті тұрғындардың өрт қауіпсіздігін сақтамай көктемде жиналып қалған қоқыстарды өртеуінің және балаларының салғырттығының салдары себеп болып отыр. Әзірге қауіпсіздік шарасына немқұрайлы қарап төтенше жағдайды туындатқан бірде-бір тұлға анықталмаған. Ал анықталған жағдайда әуелі ескерту немесе 5 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады. Дегенмен, айыппұлмен айбын жуғанымен, тілсіз жаумен қатар қайғының оқыста сан соқтырып қалдыратындығын ойланғаны абзал.

Әнуар ЕСҚАРА

Ұқсас ақпараттар

ОБСУЖДЕНО Послание Главы Государства

admin_mugalzhar

Алда межелі міндет көп

admin_mugalzhar

ӘЛНҰРДЫҢ ЖҮЛДЕСІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.