«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Дәрігер күздің ең пайдалы өнімін атады

Күздің ең пайдалы өнімі — қырыққабат, ол С дәруменіне бай, ал оның шырыны қабынуға қарсы әсерге ие. Бұл туралы РИА Новости-ге терапевт дәрігер Анастасия Якимова айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

«Күздің басты өнімі — қырыққабат: оның құрамында лимоннан да көп С дәрумені бар — 100 грамында тәулік нормасының 70 пайызына дейін болады», — деді дәрігер.

Оның айтуынша, қырыққабат шырыны бұрын жара жазуға және асқазан қабынуын емдеуге қолданылған.

«Қырыққабат жапырақтарында С, К дәрумендері, В тобының дәрумендері, органикалық қышқылдар, сондай-ақ микробтарға қарсы әсер ететін фитонцидтер бар. Қырыққабат жапырағы ауырсынуды басып, ісікті қайтаруға қабілетті деп есептелген. Ал қазіргі зерттеулер қырыққабат шырынының қабынуға қарсы әсерін растайды, алайда ол толыққанды медициналық емдеуді алмастыра алмайды», — деп атап өтті Якимова.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанның бірқатар өңірінде жел күшейіп, көктайғақ болады

admin_mugalzhar

Президент Жолдауын жүзеге асыру: Қазақстанда заң бұзушылықтар үшін жер қойнауын пайдаланушылардан 61 лицензия қайтарып алынды

admin_mugalzhar

2023 жылдан бастап Қазақстанда көлікті сақтандыру бағасына қандай өзгеріс енгізіледі?

admin_mugalzhar