«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Президент АҚШ компанияларын еліміздің ауыл шаруашылығы әлеуетін барынша пайдалануға шақырды

НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM — Мемлекет басшысы PepsiCo және Mars компанияларының заманауи, экспортқа бағдарланған зауыт салу жоспарын құптайтынын жеткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президенттің пікірінше, өзара тиімді ынтымақтастықтың тағы бір перспективті бағыты — агроөнеркәсіп кешені. Егістік жерлерінің көлемі жағынан әлемде алтыншы орын алатын және ең ірі астық экспорттаушылардың ондығына кіретін Қазақстанның аталған саладағы мүмкіндіктері америкалық әріптестерді қызықтыруға тиіс.

Америкалық компанияларды Қазақстанның ауыл шаруашылығы әлеуетін барынша пайдалануға шақырамыз. Біз PepsiCo және Mars компанияларының заманауи, экспортқа бағдарланған зауыт салу жоспарын құптаймыз. Аталған бастамалар Қазақстанның экспорттық қуатын арттырып қана қоймай, өнімдеріміздің жаңа өңірлік нарықтарға шығуына мүмкіндік береді. Ынтымақтастығымызды одан әрі нығайту үшін орнықты ауыл шаруашылығын дамытуды, су ресурстарын үнемдеп пайдалануды және аталған саланы цифрландыруды көздейтін ортақ Агроинновациялық бағдарлама жасауды ұсынамыз, — деді Мемлекет басшысы.

Осыдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев көлік және логистика секторындағы кең мүмкіндіктерге тоқталды.

Ұқсас ақпараттар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды

admin_mugalzhar

Димаш Джеки Чанның жаңа фильміне ән орындады

admin_mugalzhar

«Оскар-2023» кинопремиясының номинанттары анықталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.