«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ-ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Қарттар күні — үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін игі мерекелердің бірі. Осыған орай апта басында AMANAT партиясы Мұғалжар аудандық филиалының төрағасы Жұматай Бисенов пен партия өкілдері ардагерлердің үйлеріне арнайы барып, олардың еңбегі мен өмірлік жолын еске алып, құрмет көрсетті.

Алдымен партия өкілдері банк саласында ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен, кәсібіне адалдығымен елдің алғысына бөленген Миуа Әуелбаеваға арнайы атбасын тіреді. Ардагер еңбек жолы жас мамандарға әрдайым үлгі болып, абыройлы ғұмыр кешкен жан ретінде құрметке бөленіп келеді.
Сондай-ақ коммуналдық мекемеде орынбасар әрі бас инженер қызметін абыроймен атқарып, халық игілігі үшін еңбек еткен Шімән Мырзалыұлына да арнайы барып құттықтады. Қала мен ауылдың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға айрықша үлес қосқан ардагердің еңбегі де ел жадында.
Кездесу барысында партия өкілдері қарттарға сый-сияпат жасап, ақ батасын алды. Ардагерлер мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлық пен елдің ықыласына ризашылықтарын білдіріп, кейінгі ұрпаққа амандық, бірлік тіледі.
Айта кету керек, партия жастары мен еріктілері мерекеде үш ардагердің үйі мен аулаларын тазалау жұмыстарын жүргізеді.
— Бұл шараның мақсаты қарттарға тұрмыстық қолдау көрсетіп қана қоймай, жастарды үлкенге құрмет пен қамқорлық рухында тәрбиелеу, — дейді «AMANAT» партиясы Мұғалжар аудандық филиалының төрағасы Жұматай Бисенов.

Ұқсас ақпараттар

МЕНІҢ ӘЖЕМ – АСЫЛ ЖАН

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

admin_mugalzhar

ӨНІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАҚЫЛАУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.