«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қоғамдық орындарда 1,5 млн камера жұмыс істейді – ІІМ

Көшедегі қауіпсіздікті сақтау үшін Ішкі істер министрлігі күштерді көбейтіп, патруль тығыздығын арттырған, деп хабарлайды BAQ.KZ сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

ІІМ Ержан Сәденовтің айтуынша, ендігі назар саябақтар мен аула қауіпсіздігі. Халық көп жиналатын орындарда дабыл түймелері мен стационарлық бекеттер орнатылған.

Бюджетке салмақ салмай, әртүрлі меншіктегі камераларды қосып жатырмыз. Қазір қоғамдық орындарда 1,5 млн камера жұмыс істейді. Оның 475 мыңы жедел басқару орталығына қосылған. Бұл жұмысты жалғастырамыз. Сауда орталығы мен базардан бастап, вокзал мен әуежайға дейін ірі нысандарды қамтып жатырмыз. Мектеп, кіреберіс, лифт және автобустар қосылуда, – дейді ол.

 

Ұқсас ақпараттар

ЖАС САРБАЗДАР ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысы экономикасының өсімі тұрақты

admin_mugalzhar