«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ҒАЛАМТОРДАҒЫ АЛАЯҚТЫҚ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Қайыңды ауылдық кітапханасында оқырмандар арасында “Ғаламтордағы алаяқтық” атты дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында ғаламтордағы алаяқтықтың түрлері мен оның алдын алу жолдары насихатталды. Әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, қаржылық қауіпсіздік және алаяқтықтың құрбаны болған жағдайда жасалатын қызметтер туралы оқырмандарға түсіндірілді. Ғаламтордағы алаяқтық үнемі дамып отырғандықтан жаңа қауіптер туралы хабардар болып және қауіпсіздік шараларын сақтау керектігі айтылды. Кітапханашының дайындаған интернеттегі алаяқтық туралы “Абайлаңыз, алаяқтар!” тақырыбындағы жадынамалары таратылды.
-Қазіргі уақытта күнделікті өмірде интернет ресурсы кеңінен пайдаланылады. Соның ішінде интернет алаяқтығы азаяр емес. Сол себепті алаяқтықтың алдын алып, оқырмандар арасында түсіндіріп, өз үлесімізді қосқымыз келді, — дейді кітапханашы Қарлыағаш Қонарбаева.

Ұқсас ақпараттар

Алдағы төрт жылда 2,7 трлн теңгеге 77,5 мың км электр желісі жаңғыртылады

admin_mugalzhar

Бірқатар құтқарушылар мен медицина қызметкерлері наградаға ұсынылды

admin_mugalzhar

ҰЛБОЛҒАН — АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

admin_mugalzhar