«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2026 жылдан бастап зейнетақы өседі

Сенатқа Мәжіліс мақұлдаған 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы түсті. Құжатта әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы көлемін арттыруға қатысты маңызды өзгерістер қарастырылған.
Жобаға сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты төленетін зейнетақы, еңбек өтілі үшін берілетін зейнетақы төлемдері 10 пайызға ұлғайтылмақ.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгіленетін негізгі әлеуметтік көрсеткіштер:
Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге
Мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге
Ең төменгі зейнетақы мөлшері – 69 049 теңге
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге
Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге

Ұқсас ақпараттар

Президент бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады

admin_mugalzhar

ЖАЗА БАСҚАНДАРДЫ ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕУ МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar

Бірлігі жарасқан ел – берекелі болашақтың кепілі

admin_mugalzhar