«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ БАСТАЛДЫ

Қала тұрғындары өз таңдауын жасау үшін сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық белсенділік танытуда. Сайлау процесі заң талаптарына сай ұйымдастырылып, учаскелерде барлық қажетті жағдай жасалған.

Қандыағашта 11 сайлау учаскесі таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Қала бойынша барлығы 21648 сайлаушы тіркелген. Ал әкім лауазымынан үш кандидат үмітті. Олар өзін-өзі ұсынғандар Нұрсұлтан Тайтақов, Данияр Черниязов және Қанат Мусин.

Әр кандидат қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын, инфрақұрылымды жақсартуды және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруды басты бағыт етіп алды.

Қала тұрғындарын сайлауға белсенді қатысуға шақырамыз.

Ұқсас ақпараттар

Қай министрліктер мен әкімдіктер бюджет қаражатын уақтылы игере алмай жатыр

admin_mugalzhar

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — БАСТЫ МІНДЕТ

admin_mugalzhar

Қаржы министрлігі: ашықтық және әділ салық төлеу бағыты

admin_mugalzhar