«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Ақтөбе қаласында теміржол вокзалы ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Жобаның жүзеге асырылу барысын облыс әкімі Асхат Шахаров көлік инфрақұрылымы нысандарын аралау аясында тексерді.

Жаңартылған вокзал биылғы жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Қазіргі таңда вокзал ғимараты жолаушылар үшін толықтай жабық. Кассалар, күту залы және анықтама қызметі уақытша көршілес ғимаратқа орналастырылған, сол жерден платформаларға өту жолы ұйымдастырылған. Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп, инженерлік желілерді жаңғыртуды, ішкі бөлмелер мен қасбетті жаңартуды қамтиды.

Қайта жаңғырту жобасы жолаушыларға қолайлы жағдай жасауды, соның ішінде кедергісіз орта қалыптастыруды көздейді. Ғимаратта лифт пен эскалатор орнату, сондай-ақ теміржол жолдарын кесіп өтпей, платформаларға қауіпсіз қатынауды қамтамасыз ететін жерүсті өткелін салу жоспарланған.

Сонымен қатар, болашақта вокзал маңындағы алаңды абаттандыру көзделіп отыр.

Ақтөбе вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары республика бойынша 125 вокзалды қамтитын теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында жүргізілуде. Аталған бағдарламаға Ақтөбе облысынан жеті нысан енгізілген.

Нысанды аралау қорытындысы бойынша облыс әкімі Асхат Шахаров мердігер ұйымға және жауапты мемлекеттік органдарға жұмыстардың мерзімі мен сапасын қатаң сақтауды, сондай-ақ қайта жаңғырту кезеңінде жолаушылардың қауіпсіздігі мен қолайлылығын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Жұмыстар аяқталғаннан кейін жаңартылған вокзал өңір тұрғындары мен қонақтары үшін қауіпсіздік пен жайлылық талаптарына сай келетін заманауи әрі ыңғайлы көлік торабына айналады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандағы АЭС-тің атауы белгілі болды

admin_mugalzhar

Қазақстанда 2022 жылғы діни күндер кестесі белгілі болды

admin_mugalzhar

ЖЕҢІЛ КӨЛІКТЕР ШҰБАРҚҰДЫҚ АРҚЫЛЫ АҚТӨБЕГЕ ҚАТЫНАУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.