«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Президенттің Ұлттық құрылтайда берген тапсырмалары аясында балалардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған нақты шаралар қабылданып, олардың құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Атап айтқанда, Президенттің бастамасы бойынша балалардың құқықтарын қорғау, білім беру сапасын арттыру, денсаулығын сақтау, әлеуметтік қолдау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында елеулі іргелі реформалар мен заңдар қабылданып, жүзеге асырылуда.

2025 жылғы статистика мәліметтері бойынша елімізде 7 миллионға жуық бала (6 902 492 адам) бар, бұл жалпы халықтың 34%-ын құрайды. Соңғы 10 жылда тұрақты демографиялық даму негізінде балалар саны 1,5 миллионға артты, — деді Жұлдыз Сүлейменова.

Сондай-ақ Президенттің бастамасымен «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50%-ы 18 жасқа дейінгі барлық балалардың шоттарына түседі. Түскен қаражат оқу ақысын төлеуге және тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының жұмысы аясында 120-ға жуық әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Елімізде орта білім тегін екені белгілі.

Бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріледі. 1-11 сынып оқушылары тегін оқулықтармен қамтамасыз етілген.

Бұдан басқа, көмектің 49 түрін қамтитын әлеуметтік қолдау жүйесі жүзеге асырылуда. Жалпыға бірдей білім беру қоры арқылы 25 миллиард теңгеге көмек көрсетілді.

Бүгінгі таңда балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған 10 негізгі заң қабылданды.

@KZgovernment

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда бензин мен дизель отыны қымбаттады. Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

admin_mugalzhar

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.