«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңа Конституция – болашаққа салынған берік негіз

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы – елдің ұзақ мерзімді дамуын айқындайтын тарихи құжат. Ұсынылып отырған өзгерістерде адам құқықтары мен бостандықтарының басты құндылық ретінде белгіленуі – өскелең ұрпаққа берілетін маңызды бағдар.

Білім, ғылым, мәдениет пен инновацияға басымдық берілуі – ел дамуын адами капиталдың сапасымен өлшеуге бағытталған дұрыс шешім. Бұл – ұстаздар қауымы үшін үлкен сенім әрі жауапкершілік.

Зайырлы мемлекет қағидаттарының нақты бекітілуі, цифрлық ортада азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдық қатысу мен ашықтықтың күшеюі – қазіргі заман талабына толық сай келеді.

Жаңа Конституция – тек құқықтық құжат емес, бұл болашақ ұрпаққа қалдырылатын саяси әрі рухани мұра. Әр азамат бұл бастамаға бейжай қарамай, саналы таңдау жасауы тиіс.

Жұлдыз Елубай, Мұғалжар аудандық «Мұғалжар еріктілері» волонтерлік тобының жетекшісі. 

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда «Enbek» мобильді қосымшасы іске қосылды

admin_mugalzhar

НАУРЫЗ АЙЫ БОЛҒАНДА, ТОЙ БОЛЫП ЖАТЫР БҰЛ МАҢДА

admin_mugalzhar

eGov Mobile қосымшасында тағы бір жаңа қызмет қолжетімді болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.