«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында жаңа рельс дәнекерлеу зауыты салынуда

Ақтөбе облысында теміржол машина жасау саласын дамыту мақсатында ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. «ПЗТМ LTD» ЖШС «Қызғалдақты» станциясында рельс дәнекерлеу кәсіпорнын салып, жылына 825 км рельс өндіруді жоспарлап отыр. Жобаның жалпы құны – 21,4 млрд теңге, нәтижесінде 250 жаңа жұмыс орны ашылады.

Жоба аясында инвесторлар мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы арасында дайын өнімді жеткізу бойынша оффтейк келісімшарты бекітілген. Қазіргі таңда қажетті жабдықтарды жеткізу және орнату жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Кәсіпорын 2026 жылы толық іске қосылады.

Бұл жоба өңірдің индустриялық әлеуетін арттырып, теміржол инфрақұрылымын дамытуға серпін береді. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындарының ашылуына, аймаққа инвестициялар тартуға және өндірістің заманауи технологиялармен жабдықталуына ықпал етеді. Жобаның жүзеге асырылуы теміржол көлігінің тиімділігін арттырып, Қазақстанның логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтпек.

Ұқсас ақпараттар

ТЕМІР ЖОЛ: ОЛАР –ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖАУАПТЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда дүйсенбіде 43 градусқа дейін ыстық болады

admin_mugalzhar

Жұмыссыздық деңгейі — 4,8 пайыз

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.