Әлемде тұрақтылық пен тыныштыққа қол жеткізу – әр ұлт пен ұлыстың ең үлкен арманы. Қазақстан үшін бұл арман – шынайы өмірлік ұстанымға айналған. Бүгінгі таңда еліміз татулық пен достықтың алтын діңгегін берік орнатып, барша халыққа үлгі болып отыр.
Татулық – қоғамның ынтымағын нығайтып, бірлігін бекемдейтін ең асыл құндылық. Халқымыз «Береке басы – бірлік» деп бекер айтпаған. Шын мәнінде, татулық орнаған жерде ғана дамуға жол ашылады, ал ауызбіршілік – кез келген елдің болашағын айқындайтын шешуші фактор.
Бірлікке бастар жол – татулық. Ел ішінде тұрақтылық сақталса ғана білім, ғылым, экономика және мәдениет дами алады. Бұл – өркениетті қоғамның басты шарты.
Бүгінгі жастар – ертеңгі ел болашағы. Сол себепті жас буынның бойына татулықтың қадірін сіңіру – аса маңызды міндет.
Бақтыгереев Болат, Ойыл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

