«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мемлекеттік басқару академиясы: Жаңа Конституция қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуін жетілдіреді

Мемлекеттік басқару академиясы директор орынбасары Құралай Садықова «Референдум-2026» атты онлайн-марафонда жаңа Конституция жобасы мемлекеттік органдардың халықпен жұмыс қағидатын өзгертетінін айтты.

– Ең бастысы, қоғамдық қатынастар құқықтық тұрғыдан реттеле түсті. Әрбір азамат өзінің бостандығы аяқталған жерде, басқа адамның бостандығы мен құқығы басталатынын дұрыс түсіну керек. Ол шектен асып кетуге болмайды. Бұл заң бұзу болып есептеледі, — деді сарапшы.

Мемлекеттік басқару академиясы директор орынбасары жаңа Конституция күнделікті өмірде моральдік қағидаттармен қатар құқықтық қағидаттарды да сақтап жүру әдетін қазақстандықтардың өмір салтына айналдыратынын айтады.

– Мұның екінші жағы бар. Құқық нормалары, заңдар әлеуметтік әділдік тұрғысынан қалыптастырылуы керек. Егер мемлекеттік аппарат пен халық арасындағы қарым-қатынас туралы айтсақ, Ата заң жобасында екеуін екі жаққа бөлетін түсінік жоқ. Өйткені мемлекеттік биліктің бастауы халық екені айқындалған. Ол өзінің өкілдері өкілдік демократия қағидаты арқылы сайлайды. Конституцияның талабы бойынша, кез келген өтініш, ұсыныс адамға бағдарланған қағида арқылы қарастырылуы керек, — деді Құралай Садықова.

Дереккөз: inform.kz

Ұқсас ақпараттар

Егіс науқаны – 2025: науқанның белгіленген мерзімде аяқталуы, дақылдарды әртараптандыру және шаруаларды қолдау жүйесіндегі жүйелі өзгерістер

admin_mugalzhar

ОЛАР — ҚҰРЫШ ҚОЛДЫ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР

admin_mugalzhar

«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА»: 3 МАМАН ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar