«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТЕМІРЖОЛШЫЛАРҒА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мұғалжар ауданында Конституциялық референдумды қолдау мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Аудандық коалиция мүшелері Қандыағаш пайдалану локомотив депосы ұжымымен кездесті.
Жиын барысында коалиция өкілдері Конституцияның жаңа жобасын таныстырып, ондағы негізгі өзгерістер мен жаңашылдықтарға тоқталып өтті. Референдумның аяқ астынан қабылданған шешім емес екенін атап өтті.
Уақыт өзгерген сайын заңдар да жаңарып отыруы тиіс. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сол кезеңге сай Конституция қабылданды. Жаңа жоба бұрын кездескен көптеген сұраулы мәселелерді шешуге мүмкіндік беретіндігі айтылып, алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.
#Халықтық Референдум
#Референдум 2026

Ұқсас ақпараттар

Жауапкершілік жүгі салмақты

admin_mugalzhar

Қазгидромет: Қарашада 24 градусқа дейін аяз болады

admin_mugalzhar

Міндетті медициналық сақтандыру қоры неге Қаржы министрлігіне берілді?

admin_mugalzhar