«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңартылған басты құжатты таныстырды

Cәрсенбі күні белсенділер «Көктас-Ақтөбе» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Жұмысшыларға Конституцияның жаңа жобасы мен референдум туралы айтылды.
Ақтөбе қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Дәурен Тауасаров жаңартылған басты құжаттың азаматтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды мұқият талдаудың, ашық қоғамдық талқылаудың, сондай-ақ жаңа нормалар мен ережелерді жан-жақты әрі тиянақты пысықтаудың нәтижесінде пайда болғанын айтты.
— Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасы негізінде туындады. Басты мақсат — елдің саяси жүйесін кешенді жаңғырту және жасанды интеллект дәуірінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі оң серпін беру. Бұл бойынша талқылауларға белсенді азаматтар қосылып, өз пікірлері мен ұсыныстарын e-Otinish және eGov порталдары арқылы жолдады. Жаңа жобаны талқылау шамамен алты айға созылды. Осы кезең ішінде жұмыс тобы азаматтардан түскен екі мыңнан астам ұсынысты қарап, жүйелеп шықты. Ата Заңның тұжырымдамалық өзгерістері мемлекеттің адамға бағдарланғанын арттыруға, Қазақстан халқына тән өзекті құндылықтар мен қағидаттарды көрсетуге, сондай-ақ республикадағы саяси институттар құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталған, — деді ол.
Ата Заңда цифрландыруға ерекше мән берілгені, ендігі азаматтардың құқығын цифрлық ортада қорғау туралы норма бекітілгені тілге тиек етілді.
Сондай-ақ бір палаталы жаңа Парламент — Құрылтайдың құрылатыны, депутаттарды іріктеуде пропорционалды сайлау жүйесі қолданылатыны айтылды. Бұл жүйе партиялардың кадрлық саясатын дамытуға, олардың институционалды рөлін арттыруға және саяси күштердің қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтуге ықпал ету мақсатында қолға алынған.
Кездесуге жоғарыда аталған компанияның 30-ға тарта қызметкері жиналды.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Ұқсас ақпараттар

«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» — МАМАНДАРҒА МҮМКІНДІК

admin_mugalzhar

Қасым-Жомарт Тоқаев Каспийдің су ресурстарын сақтау бойынша мемлекетаралық бағдарламаны іске асырудың маңызына тоқталды

admin_mugalzhar

БОКСШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.