«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕМБІ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

2026 жылғы 1 наурызда Ембі қаласы әкімінің сайлауы өтті. Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 наурыздағы шешімі негізінде «AMANAT» партиясының атынан ұсынылған Сарбасов Наурызбек Жұмабекұлы Ембі қаласының әкімі болып сайланды.

Наурызбек Сарбасов 1990 жылы Ембі қаласында дүниеге келген. Ақтөбе экономика және статистика колледжін және С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген. Астана қаласындағы Қазақ технология және бизнес университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистрі.

Еңбек жолын жеке кәсіпкерлік саладан бастаған. Әр жылдары Ембі қалалық жастар кеңесінің төрағасы, «Aтамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы өңірлік кеңес мүшесі, Мұғалжар аудандық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Мұғалжар аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты болды. Бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облыстық мәслихатының VIII шақырылым депутаты қызметін атқарды.

Аудан басшысы Дархан Ермағанбетов жаңадан сайланған Наурызбек Жұмабекұлының жұмысына сәттілік тілеп, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас ақпараттар

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ОТБАСЫЛАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

Реформалардың мәні – 5: Ықпалды Парламент

admin_mugalzhar

АЛИК ШПЕКБАЕВ: БІЗ АЗАМАТТАРДЫҢ МҰҢ-МҰҚТАЖЫН ТЫҢДАП ҚАНА ҚОЙМАЙ, ЖЕДЕЛ ШЕШУГЕ МІНДЕТТІМІЗ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.