Алдымызда еліміздің болашағы үшін маңызды оқиға – референдум тұр. Конституция – біздің мемлекетіміздің берік іргетасы, қоғамдағы тұрақтылық пен әділдіктің негізі. Сондықтан оған қатысты қабылданатын шешімдер әрқайсымыз үшін маңызды.
Бүгін бізге өз азаматтық ұстанымымызды білдіруге мүмкіндік беріліп отыр. Бұл – ел тағдырына бейжай қарамайтын әр азамат үшін маңызды қадам. Әркімнің дауысы – Қазақстанның ертеңіне қосылған үлес.
Баршаңызды референдумға қатысып, өз таңдауыңызды жасауға шақырамын. Елдің болашағы – біздің ортақ жауапкершілігіміз.
Бірлігіміз бекем, еліміз аман болсын!
Болат Исакенов, » Неохим» ЖШС-і филиалының бас инженері.
#референдум2026
#ЖаңаКонституцияҮшін
#ЗАновуюКонституцию
#АтаЗаң
#15наурыз #АтаЗаңдыҚолда

