«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңа Конституция — жаңа кезеңнің негізі

Жаңа Конституция жобасын оқығанда ең алдымен көзге түсетіні – мемлекеттің негізгі қағидаттары бір бапқа жинақталып, нақты көрсетілгені. Бұрын әр жерде шашыраңқы айтылған ұстанымдар енді бір жүйеге түскендей әсер қалдырады. Онда адам құқықтары, заң үстемдігі, ұлттық бірлік, әлеуметтік жауапкершілік, тіпті экология мен мәдениетті қорғау мәселесі де аталады.

Меніңше, мұндай жүйелеу маңызды. Себебі Конституция – жай ғана заң емес, бағыт беретін құжат. Қай салада шешім қабылданса да, сол негізгі қағидаттарға сүйену керек. Егер адам құқығы басты орында тұрса, онда кез келген реформа соған қайшы келмеуі тиіс. Егер заң үстемдігі бекітілсе, онда ешкім заңнан жоғары болмауы керек.

Әсіресе білім мен ғылымды стратегиялық басымдық ретінде атау орынды деп ойлаймын. Қазіргі заманда елдің болашағы табиғи ресурспен емес, білімді адамдармен өлшенеді. Осындай нормалардың Конституция деңгейінде жазылуы — жай сөз емес, ұзақ мерзімді бағдар. Сондықтан бұл маған ойластырылған әрі уақыт талабына сай көрінді.

Шамшат Абдірзақов, Мұғалжар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

#Референдум2026
#ЖаңаКонституцияҮшін
#ЗАновуюКонституцию
#АтаЗаң
#15наурыз
#АтаЗаңдыҚолда

Ұқсас ақпараттар

2025 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 323 мыңнан астам қызмет алды

admin_mugalzhar

АҒАЙЫННЫҢ ҮЙІНДЕ АЛАҢСЫЗ ЖАТАТЫН ЕДІК…

admin_mugalzhar

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі 2025 жылы халықтың қаржылық және цифрлық қауіпсіздігін арттыру бағытында жүргізілген ауқымды жұмыстың қорытындысын шығарды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.