«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ — МЕЙІРІМ МЕН ЖАНАШЫРЛЫҚ КӨРІНІСІ

Қайырымдылық күніне арналған “Жүректен жүрекке” акциясы Ембі қаласында ұйымдастырылды. Шараға қала әкімі Наурызбек Сарбасов, аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжол және білім саласының қызметкерлері қатысты. Іс-шара ерекше білімді қажет ететін оқушылар мен олардың ата-аналарына арналды.

Арнайы дастарқан жайылып, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Кеш мейірім мен қуанышқатолыжылыатмосферадаөтіп, ата-аналарғаАлғысхаттар табысталып, оқушыларға сыйлықтар үлестірілді. Жастар ресурстық орталығының маманы А.Бурханова мен “Мейір” волонтерлық тобы дәстүрлі қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырып, ардагердің отбасынаазық-түлік себетінтабыстап, ақ батасын алды.

Мұғалжар аудандық белсенді өмір сүру орталығында дәрігерлер ардагерлердің қан қысымын өлшеп, денсаулық жағдайын тексеріп, қажетті кеңестер берді. Жастар үлкендермен жылы жүздесіп, олардың хал-жағдайын сұрап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар жастар ресурстық орталығы әлеуметтікмәртебесі бар отбасыға сый-сияпат табыс етіп, ауласын қардан тазартуға көмектесті. Сондай-ақ Қандыағаш қаласының «Жастық» шағын ауданының №45 үйінің тұрғындары да қайырымдылық челленджіне қатысып, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға азықтүлік пен тұрмыстық заттарды жинады. Көпқабатты үй тұрғындары жиналған көмекті мұқтаж жандарға табыстап, челленджді ауданның басқа тұрғындарына жолдады. Тұрғындардың айтуынша, мұндай игі істер қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықты арттырады, бір-бірімізге демеу болуға мүмкіндік береді.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық жастар күніне арналған Jastar Fest форумына қатысушыларға үндеу жолдады

admin_mugalzhar

1 шілдеден бастап банктер қазақстандықтардың шоттары туралы барлық деректерді мемлекеттік органдарға береді

admin_mugalzhar

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНЕ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫ САЛЫНУДА

admin_mugalzhar