«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТАБИҒАТҚА ЖАНАШЫРЛЫҚ ОРТАҚ МІНДЕТ

«КАЗГЕОРУД» КОМПАНИЯСЫ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МЕН ӨНДІРІСТІК АУМАҚ ТАРДЫ КӨГАЛДАНДЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖАЛҒАСТЫРЫП КЕЛЕДІ. КЕЗЕКТІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ БҰЛ ЖОЛЫ «ҚҰНДЫЗДЫ» КЕН ОРНЫНДА ҰЙЫМ ДАСТЫРЫЛДЫ.
Игі шара барысында кәсіпорын қызметкерлері бақылау алаңына шырша көшеттерін отырғызып, жасыл желекті көбейтуге өз үлестерін қосты. Бүгінде отырғызылған ағаштарға тұрақты күтім жасалып, көшеттердің жайқалып өсуіне ерекше көңіл бөлінуде. Бұл – табиғатқа деген жанашырлықтың және экологиялық мәдениеттің айқын көрінісі. Сонымен қатар өндірістік аумақты көріктендіру жұмыстарыда қарқынды жүргізілуде. Әкімшілік-тұрмыстық кешен маңында гүлзарлар салынып, аумақтың тазалығы мен эстетикалық келбетін жақсартуға басымдық берілген. Кәсіпорын жұмысшылары апта сайын сенбілікке шығып, шырша мен алма ағаштарына күтім жасайды. Олар көшеттерді суарып, аумақты қоқыстан тазартып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға белсенді атсалысуда. «КазГеоруд» компаниясының экологі Жұмажан Жолдыбаевтың айтуынша, көгалдандыру жұмыстары кәсіпорында жыл сайын кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Өткен жылы өндірістік алаң аумағына қосымша 15 қылқан жапырақты ағаш отырғызылған. Табиғатты аялау мен жасыл желекті көбейтуге бағытталған мұндай шаралар экологиялық ахуалды жақсартып қана қоймай, қоғамда қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыра түседі.

Ұқсас ақпараттар

БІРЛІКТЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНУДА

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТЫҚ ЖАС ТЕХНИКТЕР — ЗАМАНАУИ ЖОБАЛАРДЫҢ АВТОРЛАРЫ

admin_mugalzhar

Стоматологиялық қызмет қашан қолжетімді әрі қауіпсіз болады?

admin_mugalzhar