Ақтау қаласында өткен XI республикалық «Dance Aktau Fest» би байқауында Мұғалжар аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған халықтық «Триумф» би ұжымы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді.
Байқауда ұжымның 8–10 жас аралығындағы бишілері орындаған заманауи би нөмірі ІІ орынға лайық деп танылды. Сондай-ақ 10–14 жас санатындағы экстрим тобы ұсынған «Монғол биі» де көрермен мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, ІІ орынды жеңіп алды.
Ұжымның көркемдік жетекшісі Нұргүл Суесенованың еңбегі ерекше аталып, ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хатпен марапатталды. Алғыс хатта жетекшінің шығармашылық ізденісі, кәсіби шеберлігі және жас ұрпақтың жан-жақты дамуына қосқан үлесі жоғары бағаланған.

