«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАЙҚАУШЫЛАР САЙЛАУ БАРЫСЫН БАҚЫЛАУДА

Аудандық мәдениет үйінде орналасқан №312 сайлау учаскесіне келіп дауыс бергендердің саны сағат 10:00-ге дейін 389 болған. Ал үйден дауыс беруге 10 адам өтініш жазған. Сайлау учаскесінің төрағасы Сауле Хамзина учаскеде жалпы саны 1 554 сайлаушының тіркелгенін айтты.
-Сайлауға 3 байқаушы қатысып, сайлаудың барысын бақылап отыр. Олар — “Байтақ” жасылдар париясының, Ақтөбе облыстық кәсіподақ орталығының, Ақтөбе облыстық Азаматтық орталық қауымдастық түріндегі заңды орталық бірлестігінің өкілдері. Сайлау тыныш өтуде, ешқандай заң бұзушылықтар орын алмады, — деді ол.
Ал Қандыағаш қалалық №1 жалпы білім беретін орта мектебінде орналасқан №313 және №314 сайлау учаскелерінде жалпы саны 3 133 сайлаушы тіркелген. Осы уақытқа дейін 560-тан астам адам өз таңдауларын жасаған. Үйден дауыс беруге 10 адам өтініш білдірген. Олардың дауысын жинауға комиссия мүшелері түстен кейін шығады.

Ұқсас ақпараттар

118 ОТБАСЫ, 604 АДАМ АӘК АЛАДЫ

admin_mugalzhar

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

admin_mugalzhar

396 МӘДЕНИ ШАРА ӨТКІЗУ ЖОСПАРЛАНҒАН

admin_mugalzhar