«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Кез келген өркениетті қоғам үшін ең өзекті мәселенің бірі болып табылатын сыбайлас жемқорлық туралы ауызша хабарламалар мен жазбаша арыздар қылмыстың жасалу орны мен уақытына қарамастан құқық қорғау органдарында тәулік бойы қабылданады. Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де түрде жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады және Қазақстан Республикасының заңнамасына көзделген тәртіппен көтермеленеді. Халқымызда «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» деген қанатты сөз бар. Сондықтан да құлқынның қамын ойлаған кейбіреулердің теріс әрекеті бүкіл ұжымға кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті бірлесе жүргізуіміз қажет. Сыбайлас жемқорлық, әсіресе, мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Бұл жағдайда ол биліктің монополияга айналуына әкеліп соқтырады және халықтың билікке деген сенімін әлсіретеді. Сол себепті, бардық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құдыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізуге міндетті.

А.Мамиров, Ақтөбе облысы Әділет департаментінің бас маманы

Ұқсас ақпараттар

Домбыра туралы 7 қызықты дерек

admin_mugalzhar

Сообщение

admin_mugalzhar

Без шуток: самые обидчивые знаки зодиака назвали астрологи

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.