«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде банкир әріптестерін алдап, бірнеше миллион теңге алған

Ақтөбеде банк қызметкері әріптестерін бірнеше миллион теңгеге алдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс полицейлері Ақтөбедегі банк қызметкері жасаған алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Ол әріптестері мен таныстарынан негізгі сомаға қосып сыйақы беремін деп 50-ден 70 мың теңгеге дейін әр түрлі сомада қарыз алып, айтқанындай қайтарған. Осылайша кредиторларының алдында белгілі бір беделге ие болып, бірнеше миллион теңгеге дейін үлкен сомада тағы қарыз алып, бірақ белгіленген мерзімде қайтармаған», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Іс бойынша Ақтөбенің 8 тұрғыны жәбірленуші ретінде танылды. ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ұқсас ақпараттар

Зейнетақы, әлеуметтік төлем: Қазақстан қарияларына қандай жағдай жасаған

admin_mugalzhar

Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан қираған тұрғын үйлерді тез арада қалпына келтіруді тапсырды

admin_mugalzhar

В КАНДЫАГАШЕ ЧЕСТВОВАЛИ ЛУЧШИХ ПЕДАГОГОВ РАЙОНА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.