«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде мұнай қалдығына арналған резервуардың жану себебі анықталды

Жаңажол кен орнындағы мұнай қалдығына арналған резервуар дәнекерлеу жұмыстары кезінде өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінде резервуар өртенді. Оқиға 8 қаңтар күні сағат 18:20-да тіркелді. Өрт арада 4 сағат өткенде сөндірілді.

«Көлемі 3 000 текше метр болатын мұнай қалдығына арналған резервуар өртенді. Резервуар қолданылмайды, авариялық жағдайға арналған. Өртті сөндіруге 8 техника мен 35 адам жұмылдырылды. Қосымша ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы А.Төлешевтің басшылығымен Ақтөбе қаласынан 25 қызметкер мен 5 техника жіберілді. Өрт сағат 22:59-да толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі – дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ұқсас ақпараттар

Биылдан бастап колледждерде кімдер тегін оқиды

admin_mugalzhar

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

Үкімет басшысы су тасқыны салдарын жойғаннан кейін коммуналдық және жеке меншіктегі гидротехникалық құрылыстарда жан-жақты тексерулер жүргізуді тапсырды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.