«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жерге қаратқан жоқшылық алақан жаюға мәжбүр етті

«Мұғалжардың» редакциясына жағдайын айтып келген Жеңіс Калышев осы өңірдің баласы. Тұрғын үйінің болмауына байланысты Темір ауданындағы қайын жұртын паналаған. Ол жақтағы жағдайының да мәз емес екенін айтқан Жеңіс бала-шағасын Қандыағашқа көшіріп әкелгісі келеді. Себебі, отбасына атаулы әлеуметтік көмек тиесілі болса да, аудан аумағында тұрмағасын, ол көмекті ала алмай отырған жәйі бар.

«Жағдайы жоқ отбасына пәтер жалдап, бірінші айының пәтерақысын төлеуге, Саркөл ауылынан отбасын көшіріп әкелуге көмектесіп жіберсек, әрі қарай өзі жұмысқа орналасып, аяғынан тұрып кетер ме еді», — дейді Жеңістің отбасына пәтер іздеп, көмектесіп жүрген заңгер-медиатор Гүлзия Иманбаева.

Бес баланың әкесін жерге қаратқан жоқшылық көпке алақан жаюға мәжбүр етіп отыр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді қазақ. Алғашқы уақытта демеп жіберер көмекке мұқтаж отбасына қайырым көрсетемін деген жан болса, Жеңістің өз есепшоты болмауына байланысты, төменде берілген есеп-шоттар арқылы игі іске үлес қоса алады немесе редакцияға хабарласуға болады.

Жеңіс Калышевтің телефоны: 87716099746;

Редакция телефоны: 3-46-31;

4390 8782 6210 7047 — Халық банк (Гульзия Иманбаева), тел.: 87711772507;
5169 4931 0609 9842 — Каспий голд (Асель Абданбаева), тел.: 87059189400

Ұқсас ақпараттар

Праймериздің екінші кезеңі басталды

admin_mugalzhar

Екі партия Мәжіліс пен мәслихат сайлауына жіберілді

admin_mugalzhar

Головкиннің келесі жекпе-жегі нақты қашан өтетіні белгілі болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.