«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жұбанов университетінің студенті пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

Ақтөбеде студенттер төбелесіп, 19 жастағы жігіт ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Студенттер арасындағы төбелес 5 ақпан күні Қ.Жұбанов университеті жатақханасының маңында болған.

«Жедел іс-шара кезінде полиция төбелеске қатысқандарды анықтап, ұстады. Қазір пышақ салған күдіктінің жеке басы анықталып жатыр. Ұстау шаралары қолға алынды. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіруге оқталу» бабымен іс қозғалды, тергеу басталды. Полиция жатақхана мен жалдамалы пәтерде тұратын студенттердің ата-аналарын баланы бақылауда ұстауға шақырады», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Университеттің жастар саясаты әлеуметтік мәселелер департаментінің директоры Қарлығаш Сатыбалдинаның айтуынша, жараланған тау-кен ісі мамандығының 2 курс студенті.

«Дәрігерлермен сөйлесіп отырмыз. Кім пышақтағанын білмейміз. Оқиға көпқабатты үйдің жанында болған», — деді Қарлығаш Сатыбалдина.

Айта кетейік, пышақ жарақатын алған студентке ота жасалды.

«Кеше жедел жәрдем ауруханасына 19 жастағы жас жігіт әкелінді. Ол жарты сағат бұрын танымайтын адамдар пышақ жарақатын салғанын айтты. Кеуде қуысы, сол жақ аяғы зақымданған. Түскен кезде жағдайы ауыр болды. Бір сағаттан соң операция жасалды. Сол жақ кеуде қуысының кесіліп, тесілген, өкпе жарақаты анықталды. Өкпесі тігілді. 500-600 мл қан кеткен. Алдымен жансақтау бөлімінде болып, кейін палатаға ауыстырылды. Қазір өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», — деді облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Сәкен Қапанов.

фото: 2ГИС

Ұқсас ақпараттар

НАГРАДИЛИ ЛУЧШИХ ПЕДАГОГОВ РАЙОНА

admin_mugalzhar

Ақтөбеде бірнеше спорт кешені ашылады

admin_mugalzhar

ШАНСОВ ГРИППУ НЕДАДИМ!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.