«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында былтыр 21 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

2019 жылы азаматтардың әлеуметтік жағдайларын жақсартуға, табыстарын арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалин халықпен есептік кездесуінде мәлімдеді.

«Халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үй беру, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, кредиттік жүктемені төмендету, т.б. мәселелерде басымдық ретінде және мақсатты қолдау көрсетілді. Облыс тұрғындарының айлығы 13,9%-ға өсіп, 156 615 теңгеге жетті. Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есеге, яғни 28 284 теңгеден 42 500 теңгеге дейін өсті. Ең төменгі жалақы алатын 70 мыңнан астам ақтөбеліктің жалақысы көтерілді. Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға өсті. Облыстағы 1400-ден астам кәсіпорын 32 мың ақтөбеліктің жалақысын орташа есеппен 15%-ға арттырды»,- деп атап өтті облыс әкімі.

Осыған қарамастан, өңірдегі жалақы деңгейі республика бойынша жалақының орташа көрсеткішінен 16%-ға төмен және салыстырмалы түрде еліміздің батыс өңіріндегі аймақтар арасында ең төмені болып отыр.

«Біз 2025 жылға дейін республика бойынша орташа еңбекақы деңгейіне қол жеткізу үшін халық табысының жыл сайынғы өсуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін әзірледік. Биыл халықтың табысын арттыру жұмыстары жалғасын табатын болады. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында мәдениет, халықты әлеуметтік қорғау, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 30%-ға өсетін болады»,- деп қосты Оңдасын Оразалин.

Халықты жұмыспен қамту өңірді дамытудың негізгі басым бағыттарының бірі. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2019 жылы 21 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде 58%-ы тұрақты. Өңірде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда, оның негізгі мақсаты – өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халықты белсенді экономикалық қызметке барынша тарту. Өткен жылы жұмыспен қамтылған адам саны 43 132 адамды құрады. Бағдарлама шеңберінде қолдау шараларымен 2,9 мыңнан астам адам қамтылып, қажетті мамандықтар бойынша оқуға жіберілді.

«Жалпы, қабылданған шаралардың арқасында жалпы жұмыссыздықты 4,8%, ал жастар жұмыссыздығын 3,3% деңгейінде ұстап қалу мүмкін болды»,- деді Оңдасын Оразалин.

Ағымдағы жылы жұмыспен қамтудың Кешенді жоспары аясында 36 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту, кем дегенде 21 мың жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.

Ұқсас ақпараттар

АУДАНДА 499 АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫ БАР

admin_mugalzhar

ВО БЛАГО СЕЛЬЧАН

admin_mugalzhar

Облыста ерекше индустриялық аймақ құрылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.