«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде дәрігерлер оқ жарақатын алған 5 адамның жағдайын айтты

20 ақпан күні сағат 22:10-да Хромтау аудандық ауруханасына оқ жарақатын алған 5 адам жеткізілген болатын. Жедел тергеу тобы үш күдіктіні ұстады. Олар кінәларын мойындаған. Күдіктілер адамдарды атқан соң 16 калибрлі екі аңшы мылтығын Бөгетсай ауылы маңындағы Ор өзенінің көпір астына жасырып қойған.
Сондай-ақ «ВАЗ-2114» маркалы ресейлік нөмірлі көлік пен екі қару тәркіленді. Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіруге оқталу» бабымен іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта жарақат алғандардың үшеуі облыстық жедел жәрдем ауруханасында жатыр.

«1997 және 1998 жылдары туған үш науқас жеткізілді. Үшеуі де оқ жарақатын алған. Алғашында Хромтау аудандық ауруханасында көмек көрсетіліп, Ақтөбеге жеткізілді. Бәрі травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Түскен кезде жағдайлары орташа ауыр еді. Екеуі 2-3 күннен соң ауруханадан үйіне жіберіледі. Ал біреуіне ота жасалуы тиіс. Сол жақ қолының буыны жараланған», — деді облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Сәкен Қапанов.

Атап өтілгендей, барлығы қол, кеуде қуысы, аяғынан оқ жарақатын алған. Бұдан бөлек, тағы 2 адам емдерін жалғастыруда: бірі – Ақтөбе медицина орталығында, бірі – Хромтау ауданында.

inform.kz

Ұқсас ақпараттар

БИЗНЕС БАСТАУ ЖОЛДАРЫН ТҮСІНДІРДІ

admin_mugalzhar

АЗЫҚ-ТҮЛІК: КӘСІПКЕРЛЕР МЕМОРАНДУМҒА ОТЫРУДА

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.